Ең бірінші қадамыңыз қандай болу қажет?
Егер сіздің картаңызды ұрлап алса, оны алаяқтар пайдаланбау үшін бірден бұғаттаңыз. Банктің мобильдік қосымшасы болса, интернет-банкинг арқылы жылдам бұғаттауға болады. Немесе қоңырау шалу орталығы арқылы бұны тез іске асыра аласыз. Әрекетсіз қалмаңыз. Аталған кеңестердің бірін пайдаланыңыз.
Картаны жоғалтып алсаңыз не істеу керек?
Егер сіз картаңызды жоғалтып алсаңыз (мысалы, үйде), онда картаны бұғаттауға асықпаңыз. Себебі кейбір банктерде бұғатталған карта қайта қалпына келтірілмейді. Тіпті, оны қайта шығару ақылы болуы мүмкін. Ең дұрысы банктің ресми сайты немесе қоңырау шалу арқылы қажетті ақпаратты біліп алыңыз.
Картаңыз бұғатталды, ал сізге шұғыл түрде ақша қажет. Не істеу керек?
Сіз шет мемлекетте немесе өзге қалада жүруіңіз мүмкін. Ондай жағдайда ақшаға қол жеткізудің ең тиімді жолы - туыстарыңызға немесе достарыңызға көпшілікке таныс «Золотая корона», «Western Union», «MoneyGram» сияқты төлем жүйелері арқылы ақша аударуын өтініңіз. Бұл төлем жүйелерін әлемнің кез келген елінде пайдалануға болады. Дегенмен бұл қызметті пайдалану үшін белгілі мөлшерде комиссия төлеу қажет. Ол туралы туысыңызға немесе досыңызға ескертіп қойғаныңыз абзал. Комиссия мөлшерін төлем жүйесінің ресми сайтынан біле аласыз.
Алаяқтар сіздің ақшаңызды картадан алып үлгерсе не істеуге болады?
Міндетті түрде банкке барып, шағымданыңыз. Мән-жайды түсіндіріңіз. Visa және MasterCard карталарын ұстаушыларға чарджбек жасауына болады. Егер одан түк шықпаса, құқық қорғау органдарына өтініш жазыңыз. Алаяқтар қылмысының жазасын тартуы керек.
Chargeback, Чарджбек (charge – төлем, back – қайтару) – транзакцияны жою және халықаралық төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес картаға ақша қайтару.
Болашақта
Қауіптің алдын алу үшін банк картасынан ақша алу мен ондағы ақшаны пайдалануға лимит қойған жөн. Ол картаға бірдеңе болған жағдайда қылмыскердің сіздің барлық ақшаңызды жымқыруынан сақтайды. Сонымен қатар, пин кодыңызды картаның өзіне немесе әмияныңыздағы қағазға жазбаңыз. Себебі көптеген зардап шегушілер дәл осы қателікті істеген. Пинді есіңізде сақтаңыз! Интернет-дүкендерден сауда жасағанда қауіпсіздік үшін интернет-банкингке 3D-Secure орнату керек. Бұл қызмет сіздің төлемдеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кейде интернетте сауда жасау үшін виртуалды карта ашқан да дұрыс.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024