Bank of China «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ына Қазақстандағы индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына шамамен 5 млрд. доллар бөлуге дайын. Тиісті құжатқа бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев пен Bank of China басқармасының төрағасы Тянь Голи қол қойды.
«Бұл уағдаластықтың барлығы да шынайы. Олар өте нақты тәжірибелік сипатқа ие және 45 жоба бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Қазіргі уақытта олар қазақстандық және қытайлық өнеркәсіптік-инвестициялық компаниялармен бірлесе зерделенуде», - деді Қ.Бишімбаев қазақстандық журналистерге. Оның атап өтуінше, аталған қаржы қаражаттары тікелей инвестиция түрінде, яғни компанияның жарғылық капиталы ретінде түседі, сонымен бірге несие түрінде де бөлінеді. «Толықтай алғанда, біз бүгінгі күні нарықта орын алып отырған пайыздық ставка біршама болатындығын қарастырудамыз. Өйткені, индустриялық жобалар өтелімдігі бойынша барынша ұзақмерзімді саналады. Сондықтан біз және қытай тарабы аталған ресурстардың қолжетімділігі пайыздық ставкаларының төмендігі есебінен қамтамасыз етілуі тиістігін түсінеміз», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Холдингті құрудағы мақсат экономиканы дамыту және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестиция тарту. Холдингтің құрамына: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Қазэкспортгарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджменті» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС кіреді. Холдинг осы компаниялардың мемлекеттік акциялар топтамасын иеленуге және пайдалануға құқылы. Bank of China (Қытай банкі) коммерциялық банк, қытайдың ірі бес және әлемнің үздік банк мекемелерінің жиырмалығына кіреді. ҚХР-да 13 мыңнан астам бөлімшесі және әлемнің 25 мемлекетінде 550 өкілдігі бар. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады. Ақпарат көзі: ҚазақпаратПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024