Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – Bank RBK акционерлері директорлар кеңесінің төрағасын қайта сайлап, директорлар кеңесінің құрамын бес адамнан төрт адамға дейін қысқартты, -деп хабарлайды қаржы институтының баспасөз қызметі.
2018 жылғы 1 қарашада өткен Банк акционерлерінің жалпы жиналысында Торстен Поланы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына жаңа мерзімге қайта сайлау туралы шешім қабылданды.
Eclipse Group негізін қалаушы Азамат Сағатов директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директор болып сайланды.
Әнуар Сәйденов пен Дәурен Оразаевтың Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
Осылайша, орын алған өзгерістерді ескере отырып, Банктің Директорлар кеңесінің құрамы мынадай болды: Торстен Пол (ДК төрағасы), Наталья Акентьева, Болатбек Жайназаров және Азамат Сағатов (ДК мүшелері).
Банктің негізгі акционері (акциялардың 99,60%) «КДС Финанс» ЖШС болып табылады – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС президенті Владимир Кимге тиесілі құрылым.
«Қазақмыс» корпорациясы-табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Компания құрамында он кенші, бес кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. «Қазақмыс» кен өндіру және оны тауарлық металға қайта өңдеуді жүргізетін өндірістік нысандарды басқарады. Корпорацияда бөлімшені электр энергиясымен қамтамасыз ететін және оны үшінші тараптарға сатуды жүзеге асыратын ішкі электр станциялары бар.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024