Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде 789,5 мың қарапайым акцияны орналастыру есебінен жарғылық капиталын 7,9 млрд теңгеге өсірді. Аталған акциялар банк акционерлері арасында қарапайым акцияларды алғашқы орналастыру аясында 2016 жылдың мамырында орналастырылған болатын. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жалпы ағымдағы жылдың басынан Банктің жарғылық капиталы 1 326,5 мың қарапайым акция орналастыру есебінен 13,3 млрд теңгеге өсті. Нәтижесінде қаңтар айынан бастап мамыр айына дейін Банктің жарғылық капиталы 32,2%-ға (54,5 млрд теңгеге дейін), меншікті капиталы 25,1%-ға (77 млрд теңгеге дейін), капитал жеткіліктілігінің нормативтерін есептеуде қолданылатын реттеуші капитал 20%-ға (86,5 млрд теңгеге дейін) өсті.
«Меншікті капиталдың өсуші активтерге адекватты қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін капитал өсімі Банк даму стратегиясының бөлігі болып табылады және қаржы институтының жоғарылауына акционерлердің қолдауын көрсетеді. 2016 жылдың соңына дейін Банк өзінің жарғылық капиталын 9 млрд теңгеге, ал жиынтықты капиталын 89 млрд теңгеге жоғарылатуын жоспарлауда», - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы Игорь Мажинов.
Жарғылық капиталды өсіру нарықтағы Банктің бәсекелестікке қабілеттігін арттырады. Жұмылдырылған қаражат экономиканың корпоративтік секторына және шағын және орта бизнестегі қазақстандық кәсіпкерлерді несиелеуге бағытталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024