Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың жеті айында Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шығыны 204 млрд теңгеге жуықтады. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.
Қызмет істеп тұрған екінші деңгейлі 33 банктің бесеуінде 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде шығын тіркелген. 2016 жылы үш банкте ғана шығын тіркелген болатын.
2017 жылдың жеті айында 28 банктің 18-і өткен жылмен салыстырғанда табысын арттырған.
Табыстың ең жоғарғы көрсеткішімен Халық банк (88,3 млрд теңге) көш бастап тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық.
Екінші орында - кірісі 26,7 млрд теңгені құраған Kaspi Bank тұр. Бұл 2016 жылдан 83,8 пайызға көп. Үшінші орында - кірісі 14,6 млрд теңгені құраған "Қазақстан тұрғынүй құрылыс жинақ банк".
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024