Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк секторының жиынтық активтері 1 қаңтарда 24,2 трлн теңге болды

Банк секторының жиынтық активтері 1 қаңтарда 24,2 трлн теңге болды

Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz — Жұмыс істемейтін қарыздар үлесі банктердің несие портфелінің 9,3 пайызды құрайды. Осы деректерді баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Ол, сондай-ақ банк секторының меншікті капиталының өсуі 2017 жылы 3,1 трлн теңгеге дейін 8,8 пайызды құрағанын хабарлады.

«2017 жылы Ұлттық банк қаржы секторын «қайта іске қосу» шеңберінде банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асырды», – деді Ұлттық банк басшысы.

Д. Ақышев «Бағдарлама шеңберінде Казкоммерцбанк балансы БТА банк қарыздарынан тазартылғанын, қосымша провизиялардың қажетті деңгейі қалыптастырылғанын, бес қатысушы банкке 650 млрд теңге сомада қаражат берілтінің» еске салды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқына жолдау шеңберінде Ұлттық банк ағымдағы экономикалық ахуалды ескере отырып банк секторының жұмысын қайта құру мәселесін пысықтауға кірісті. Осы жұмыс шеңберінде тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізіледі. Реттеуші провизияларға оралу және банктерді жаңа МСФО-9 халықаралық қаржылық есептілік стандартына бейімдеу 2018 жылғы жұмыстың негізгі бағыттары болады. Бұл экономиканың нақты секторын қорландыру бойынша міндеттерді іске асыру мүмкіндігіне алып келеді», – деді ҚР ҰБ төрағасы. Сақтандыру нарығына келер болсақ, Ұлттық банктің деректері бойынша, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2017 жылы 926,7 млрд теңгеге дейін 8,2 пайызға ұлғайды. Сақтандыру резервтері 460,5 млрд теңгеге дейін 11,6 пайызға өсті. «Сақтандыру нарығын дамыту үшін заң жобасы әзірленді. Ол сақтандыру қызметтерінің сапасын, қолжетімділігін арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған», - деді Д. Ақышев. Ол, сонымен бірге, бағалы қағаздар нарығы туралы да айтып берді. «Бағалы қағаздар нарығын қайта іске қосу шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банктің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды. Онда бағалы қағаздар нарығын қалыпқа келтіру және қайта іске қосу бойынша бірінші кезектегі шаралар айқындалған. Бірқатар шара іске асырылды. Бұл бағытта одан әрі белсенді жұмыс жалғасады», - деп қорытындылады Д. Ақышев.

Похожие материалы