Банк ЦентрКредит жабылған Қазинвестбанктегі салымдарды қайтаратын агент болып белгіленді
Алматы. 8 ақпан. 7 kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-ын жабылып қалған Қазинвестбанктегі салымдарды қайтаратын агент ретінде белгіледі, деп хабарлайды ҚДКҚ-нің баспасөз қызметі.
«2018 жылдың 13 ақпанынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің «Қазинвестбанк» АҚ сақтаулы салымдарын қайтара бастайды», делінген хабарламада.
Төлемнің жалпы сомасы 2,07 млн теңге. Банк клиенттерінің саны -70. Төлем ҚДКҚ арнайы резервіндегі қаражаттан төленеді. Айта кетейік, ҚДКҚ-нің кепілді қайтаруға арналған қаражатының жалпы көлемі 568,6 млрд теңгені құрайды.
«Конкурс нәтижесінде ҚДКҚ директорлар кеңесінің шешімімен төлемді қайтару жөніндегі банк-агент ретінде Банк ЦентрКредит таңдалды. Банк-агент жеке тұлғалардың салымын қайтару бойынша арызын барлық филиалдық желіде қабылдайды», делінген хабарламада.
Яғни, клиент салымын қайтарып алу үшін Банк ЦентрКредит бөлімшелеріне барып, өтініш беруі керек. Кепілді қаражатты қайтару үш түрлі жолмен жүзеге асады: Банк ЦентрКредит кассасы арқылы қолма-қол, клиенттің Банк ЦентрКредиттегі немесе басқа банктегі жеке есеп-шотына аудару, Банк ЦентрКредиттен депозит ашып, соған аудару. Бұл үш нұсқаның қолайлысын клиент өзі таңдайды. Айта кетейік, бұған дейін жабылған Қазинвестбанктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін Альфа банк алған еді. Мұның ішінде 7,8 млрд теңге көлеміндегі жеке тұлғалардың депозитін және БЖЗҚ-ның 3 млрд теңгеден астам активін қайтару міндеттемесі бар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024