Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандық Банк ВТБ екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалауды ойдағыдай өтті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«AQR нәтижелері Банк ВТБ жоғары кредиттік рейтингін растады. Сондай-ақ банктің тиімді, теңдестірілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолданатынын көрсетті. Соның арқасында біз қосымша капиталдандыруды қажет етпейміз. Активтерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ВТБ-ға жіберілген Ұлттық Банкінің ақпараттық бюллетеніне сәйкес, банк Ұлттық Банк белгілеген нормалардан асатын жеткілікті капитал резервіне ие, сонымен қатар реттеуші банктен кредит портфелін қосымша беруді талап етпейді», - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.
Оның айтуынша активтердің сапасын бағалау бірінші кезекте Қазақстандағы банк саласының жетілуіне жасалған маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Нарық және жалпы қоғам осы саланың қандай жағдайда екенін білуі керек. Осы бағытта AQR – бұл қаржылық реттеуші тарапынан маңызды жаттығу, бұл жүйенің шиеленіс нүктелерін және осы нүктелерді жоюға бағытталған күштерді анықтауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бүгін тұңғыш рет екінші деңгейлі банктердің активтер сапасын бағалау мақсатында өткен AQR нәтижелері жарияланды. Ол бойынша банктерде капитал жетіспеушілі анықталмады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024