Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банкке сұрақ: Qazcom-да ипотеканың неше түрі бар?

Банкке сұрақ: Qazcom-да ипотеканың неше түрі бар?

Сұрақ: Qazcom-да ипотеканың неше түрі бар?

Жауап: 

Банктің корпоративтік журналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек Qazcom-да ипотеканың екі түрі: жалақылық карта ұстаушыларға арналған «Стандартты ипотека» және «Банктің балансынан ипотека» бар.

«Стандартты ипотеканың» сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14,5% басталады. Банк кепілге қойылған заттың яғни үй құнының 80%-на дейінгі соманы 20 жыл мерзімге дейін береді. Заемды ұйымдастырғаны үшін комиссия кредит сомасының 1%. Мұны тек Qazcom картасы арқылы жалақы алатындар ғана рәсімдей алады.

«Банктің балансынан ипотека» - қойылған кепілзат құнының 90%, алғашқы жарна 10%. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 8% басталады. «Банктің балансынан ипотека» аясында Qazcom-ның еншілес компаниясы арқылы жылжымайтын мүліктерді де рәсімдеуге болады. Оны qzаlog.kz сайтынан табуға болады. Бұл кредитті ұйымдастырғаны үшін банк комиссия алмайды. Ипотекалық несиені жасы 21-ден асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар ала-алады.

Похожие материалы