Еске салсақ, 11 шілдеде 24 қазақстандық турист Түркияға келісімен қонақүйге орналаса алмаған болатын.
Анталия. 13 шілде. 7kun.kz - Банкротқа ұшыраған Elite Class туроператор басшыларының есімдері анықталды. Бұл туралы Қазақстанның Анталиядағы консулы Бауыржан Әбдірахманов хабарлады.
Фирманың екі басшысы да қазіргі уақытта Грецияда жасырынып жүр. Бауыржан Әбдірахманов кенеттен банкротқа ұшыраған Elite Class компаниясы басшыларының есімдерін атады.
Elite Class компаниясының негізін қалаушы - Кимран Межит. Ал туристік компанияның бас директоры Расул Ризаоглу. Түркия үкіметі оларға іздеу жариялады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта туроператор басшылары Грецияда жүр.