«Банкрот» деп танылған тұлғаға қатысты үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 1 млн 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаңтар айының басынан бері ведомствоға банкроттық мәселесімен 10 мыңнан аса адам жүгінген.
«Өзін банкрот деп жариялайтындар 1 млн 100 адамға жетуі мүмкін. Қайталап айтамын, бұл ең көп деп есептегендегі көрсеткіш. Бірақ процедура ерікті түрде жүзеге асырылады. «Банкрот» мәртебесі «қара таңба» сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін», – деді Ержан Біржанов.
Оың айтуынша, банкрот атанған азамат бес жыл бойы жаңа кредит ала алмайды. Сондай-ақ «банкрот» статусы 7 жыл бойы сақталады. Алайда жеке тұлғаның банкроттығы туралы деректер өмір бойы сақталады.
Бұл база қаржы институттарына қолжетімді болады. Аталған белгі деректер базасында өмір бойы тұрады. Мәселен, 10 жылдан кейін несие рәсімдейтін кезде осы жайт ескеріліп, қаржы ұйымдары қарыз бермеуі мүмкін. Сондықтан банкроттық соңғы шешім болуы шарт.
Сондай-ақ банкроттық іске асырылғаннан кейін, заңмен үш жыл ішінде қаржылық мониторинг процесін жүргізу көзделген.
Еске салайық, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады. Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады. Олар – соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024