Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бойынша өтінімдер қабылдайды - Скляр
Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz - «Жасыл Даму» ЖШС «РОП Оператор» ЖШС-нен алған ақшаны екінші деңгейлі банктерге аударылып жатыр. Олар барлық формальды процедуралардан өткеннен кейін жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген автокөлік несиесін бере бастайды.
«Кеше және бүгін банктер өздерінің корпоративтік процедураларын, директорлар кеңесін жүзеге асыруда. Олармен Өнеркәсіпті дамыту қоры қажетті келісімдер жасаған. Олар ішкі рәсімдерін орындап, дүйсенбіден (16 мамырдан-ред.) бастап несие бере бастайды. Олар осы несиелеу бағдарламасын бұрын жүзеге асырған екінші деңгейлі бес банк", деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр халықаралық машина жасаушылардың форумы аясында.
Айта кетейік, бұған дейін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына Халық банк, Сбербанк, Forte Bank, ВТБ банк, Еуразиялық банк, БЦК қатысып келген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024