Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Интерфакс–Қазақстан.
Қолданыстағы заңнамада бұл қарастырылмаған болатын.
Түзетулер жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, сондай-ақ банктердің борышкерге қатысты дер кезінде шара қабылдауына жауапкершілігін арттырады.
Түзетулер елбасы 21 қаңтарда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» заңға енгізіліп отыр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024