СҰРАҚ:
Жақында банктен кредит алдым. Рәсімдеу кезінде бірнеше түрлі комиссия барын байқадым. Жалпы банктерде қандай комиссия түрлері бар? Толық тізімін бере аласыздар ма?
Алмас
ЖАУАП:
Алмас, Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы ҚР Ұлттық банкінің 2016 жылғы 30 мамырдағы Қаулысына сәйкес банктер келесі комиссиялар мен төлемдерді алады:
1) қарыз, микрокредит алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін; 2) қарыз, микрокредит ұйымдастыру үшін; 3) қарыз, микрокредит беру үшін; 4) қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін; 5) берілген қарыздың, микрокредиттің талаптарын өзгерту үшін комиссиялар: өтеу кестесін; қарыздың, микрокредиттің валютасын; сыйақы мөлшерлемесін; қарызды, микрокредитті өтеу әдістерін; 6) қарыз алушының (тең қарыз алушының), кепілгердің (кепіл берушінің) бастамасы бойынша қарыз алушымен (тең қарыз алушымен), кепілгермен (кепіл берушімен) байланысты талаптардың өзгеруі; қарыз, микрокредит бойынша мүлік ауыртпалығы талаптарының өзгеруі және кепіл затын ауыстыру; кепіл берушіні ауыстыру; клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік құжаттамасына кіретін кепіл мәніне құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну; клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілмен қамтамасыз ету аумағында жасалған қайта жоспарлауды, құрылысты, қосымша құрылысты заңдастыруға келісім туралы анықтаманы беру; кепіл берушіні ауыстыру кезінде пайдалануға енгізілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызмет көрсету; жылжымайтын мүліктің мақсатын өзгерту, жер телімдерін үлестерге бөлу бойынша қызмет көрсету; клиенттің өтініші бойынша кепілмен қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтаманы беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссиялар; 7) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл затын сақтандыру кезіндегі клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдерін қоспағанда, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк), микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері; 8) клиенттің кепілдік (кепілгерлік) алу үшін кепілгерге (кепілдік берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері; 9) банкке, микроқаржы ұйымына клиенттерді тарту, клиенттермен ұсынылатын құжаттарды қарыз, микрокредит беру талаптарына сәйкестікке тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, микроқаржы ұйымына беру, банктің, микроқаржы ұйымының клиенттерінен қарыздарды, микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері; 10) қарыз, микрокредит бойынша несие берешегі туралы анықтаманы беру үшін; 11) қарызды ішінара (толығымен) мерзімінен бұрын өтеу үшін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024