Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Үш жылдық өсімнен кейін өнеркәсіпті несиелеу 0,6%-ға қысқарды. Саланың портфелі ағымдағы жылдың шілде айына қарағанда 1,8 трлн теңгені құрады. Портфельдің ұлғаюына қарамастан, өткен жылдары өсу қарқыны төмендеді. 2016 жылы жылдық өсім 22,5%-ды, 2017 жылы — 10%-ды, 2018 жылы — 3,8%-ды құрады. Мұндай деректерді finprom.kz келтіреді.
Бір жылдағы барлық несиелер үлесі маусым айында 14,2%-дан 14,1% -ға дейін төмендеді, ал заңды тұлғаларға берілген несиелер үлесі 22,8%-дан 25,7%-ға дейін өсті.
Айта кету керек, тау-кен өндіру сегментінде екі жыл қысқарғаннан кейін соңғы жыл ішінде өсім байқалып, бірден 12,4%-ға өскен. 2019 жылдың маусым айының соңында сектор портфелі 343,7 млрд теңгені құрады.
Өнеркәсіптің өзге салаларын несиелеу (энергетика, сумен жабдықтау және т.б.) де жоғары көрсеткішке ие. 2019 жылдың соңына қарай көрсеткіш жыл ішінде 2,5%-ға, 236,6 млрд теңгеге дейін өсті.
Өнеркәсіптің несиелік қоржынының жалпы қысқаруы тікелей өңдеу сегментін несиелендірудің 4,2%-ға, 1,2 трлн теңгеге дейін әлсіреуі есебінен болды, бұл бүкіл өнеркәсіптің 68,1%-ын құрайды (бір жыл бұрын — 70,6%). Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңдеу өнеркәсібінде үш жыл қатарынан несие қоржынының өсуі байқалды.
Өнеркәсіп несиелері қоржынының қысқаруымен қатар салада мерзімі өткен қарыздардың көлемі бірден 14,2%-ға, 87,7 млрд теңгеге дейін өсті, бұл мерзімі өткен қарыздардың үлес салмағын 4,2%-дан 4,8%-ға дейін арттырды. Бұған дейін несие портфеліндегі мерзімі өткен несиелер үлесі қатарынан 5 жыл бойы төмендеді.
Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда керісінше, несие қоржынының өсуімен мерзімі өткен берешек қысқаруда: соңғы жылы — минус 32,9%, 5,1 млрд теңгеге дейін. Мерзімі өткен кредиттердің үлес салмағы 7 жыл қатарынан қысқарады: 28,9%-дан 1,5%-ға дейін (жыл бұрын — 2,5%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024