Алматы. 26 қараша. 7kun.kz – Ұлттық Банк мұнай бағасы төмендеген кезде Қазақстан Республикасының 2019 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөз сөйлеген кезде айтып берді.
«Болжамдағы теңгенің айырбастау бағамының есеп айырысу мәні біз үшін бағдар емес. Қазақстан Ұлттық Банкі өзгермелі айырбастау бағамы режимін сақтайды», - деп түсіндірді ол.
Д. Ақышев айтқандай, Қазақстан Ұлттық Банкінің инфляция бойынша орта мерзімді мақсаты 4%-ға жуық деңгей болып қалады. Экономикадағы инфляциялық ая жоғары болып қалуда. Инфляцияның 2019 жылдың дәлізінен тыс шығу тәуекелі сақталуда.
Оның айтуынша, инфляцияның өсуін болдырмау үшін ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдатуға болады. Сонымен қатар базалық мөлшерлеме нақты көрсетуде экономиканың ұзақ мерзімді өсу қарқынынан аспайды.
«Қазақстан Ұлттық Банкі банктерді қалыпқа келтіру және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Бұл шаралар, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру және банктерге 600 млрд теңге шегінде өтімділік беру банктердің кредиттік белсенділігінің өсуіне ықпал етеді», - деді сөзін қорытындылай келе Д. Ақышев.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024