Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы маусымның соңында 12 906,8 млрд теңге болды, бір айда 1,2%-ға өсті. Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 071,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 5 835,4 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 12,1%- ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 10 593,2 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,7%-ға, жеке тұлғаларға – 3,3%-ға өсті. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 313,7 млрд теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,9%-ға, жеке тұлғаларға3,2%-ға төмендеді. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы маусымның соңында 82,1%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%).
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 10 953,8 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 953,0,3 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 256,6 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%-ы).
Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,1%), сауда (13,5%), құрылыс (5,3%) және көлік (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.
2019 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,7%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 17,3%-ды (17,2%) құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024