Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жол апатынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
«Әкімдіктің атынан және өзімнің атымнан апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Апат нәтижесінде 2 адам қаза тапты, 35 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды », - деді әкімдік отырысында Бақыт Сұлтанов.
Осыған байланысты Сұлтанов апаттың себебін анықтауды тапсырды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында 19 жедел жәрдем тобы бар.
«Барлығы 35 адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты, 23 адам ауруханаға жатқызылды. 17 адам жарақат алып үйлеріне жіберілді, олар амбулаторлық ем алады. Қазір үш науқасқа ота жасалып жатыр, тағы төрт зардап шеккендер операцияға дайындалуда. Зардап шеккендердің арасында 1983 жылы туған Филиппин азаматшасы бар. Алдын ала диагноз - «кеуде жарақаты, жамбас сынуы». Зардап шеккендермен психологтар жұмыс істейді», - деді Қ.Назаров.
Айта кетейік, жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшыраған. Салонда екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Бір фельдшер бірінші қалалық ауруханаға тізе жарақаттарымен жеткізілді.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Нұр-Сұлтандағы Ұлы дала мен Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында үш автобус және жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.