Астана. 7 қазан. 7kun.kz – Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің биыл 6 қазандағы шешімі бойынша, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері енеді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, тамызда Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған еді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





