
Атырау. 3 тамыз. 7kun.kz – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сот отырысы бүгін, 3 тамызда Атырау қаласындағы №2 сотта басталып, небәрі 20 минутқа созылды. Сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанында қамауға алынды. Ол 10 желтоқсанда Атырауда Абай ескерткішін 145 млн теңге сомасында дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025