Атырау. 16 маусым. 7kun.kz – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот отырысы кейінге шегерілді.
Қылмыстық іс бойынша сот отырысы 14 маусымда Атырау қалалық № 2 сотында өтуі тиіс болған.
«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанында қамауға алынды. Ол 10 желтоқсанда Атырауда Абай ескерткішін 145 млн теңге сомасында дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024