Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 3 857 отбасы баспаналы

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 3 857 отбасы баспаналы

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда 3 857 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.

Жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шамамен 5 000-дай несиелік өтінімді қабылдады.

Банктің мәлімдеуінше, «Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (752 өтінім), Алматы (580 өтінім) және Ақтөбе (495 өтінім) облыстарының тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр.

"Бүгінде қабылданған өтінімдердің 830-ы бойынша несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 2019 жылдың 31 қазанынан бастап алты ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады", - делінген хабарламада.

Бағдарлама бойынша ең көп баспанаға қол жеткізген – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Онда 702 отбасы жаңа қоныс иесі атанды. Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша 484, Ақтөбе облысына 436 займ берілді.

Похожие материалы