Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев: Қала проблемалары мен даму стратегиясын ашық талқылауды қалаймын

Бақытжан Сағынтаев: Қала проблемалары мен даму стратегиясын ашық талқылауды қалаймын

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына бейне үндеуінде Алматы әкімінің міндеттеріне кірісе отырып, қала тұрғындары алдындағы өз жауапкершілігін толық түсінетінін атап өтті.

«Алматы - әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әрбір қазақстандықтың ықыласы ерекше. Менің басты мақсатым - Алматыны әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске. Сіздердің барлық талап-тілектеріңізді біліп, дер кезінде жауап беру мен үшін өте маңызды. Қаланың проблемаларын және оның даму стратегиясын ашық талқылауды қалаймын. Барлығымыздың тағдырымызға байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік", - деді мегаполистің жаңа әкімі.

Еске сала кетейік, 28 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Похожие материалы