Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Барак және Мишель Обамалардың мемуарларын жариялау құқығы 60 млн долларға сатылды. Бұл АҚШ президенттерінің жазбалары үшін рекордты сома деп хабарлайды Reuters.
Мемуарлар әлі жазылған жоқ, бірақ арнайы құқықты сатып алған «Penguin Random House» басылымы әрқайсысының жазбаларын жеке кітап ретінде шығаруды жоспарлап отыр.
Келісім-шарттың барлық детальдары толық белгісіз, бірақ баспа үйінің хабарлауынша, «авторлық қаламақының қомақты бөлігі қайырымдылыққа кетеді». Бұған дейінгі аукциондарда Билл Клинтонның жазбалары 15 млн долларға, Джордж Буш естеліктері 10 млн долларға сатылған еді. Ал Барак Обама осыған дейін кітап жазып, Financial Times мәліметінше, 10 млн долларға жуық табыс тапқан.
Ол Американың тұңғыш қара нәсілді президенті ретінде тарихта қалды. Соңғы 8 жыл бойы АҚШ-ты басқарып, 2017 жылдың қаңтарында орнын Дональд Трампқа босатты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024