Әлемнің барлық сатып алушылары сатып алу процесінің өзгергендігін қалайды. MasterCard Retail Social Listening Study жүргізген зерттеу бойынша, ритейлер жаңа төлем технологияларын енгізу қажет деген қысымда қалып отыр, себебі клиенттер барынша қарапайым және инновациялық төлем жасау әдістерінің болғандығын қалайды.
MasterCard PRIME Research-пен біріге отырып, әлемде бірінші рет жүргізілген зерттеу тұтынушылардың әлеуметтік желідегі ритейл мен шоппинг туралы 1,6 млн кездейсоқ жазбасын қамтыды. Барлығы да соңғы 12 айда жазылған. Зерттеу шопинг және бөлшек сауда сферасындағы негізгі тенденцияларды анықтайды. Мамандардың сөзінше, сатып алушылар әлем бойынша сауда жасауға мүмкіндік беретін барынша жаңа төлем жүйелерін пайдаланғысы келеді. MasterCard Retail Social Listening Study зерттеуінің негізгі қорытындылары: • Технологиялық инновациялардың ыңғайлылығы. Төлем әдістерінің ыңғайлы болуы әлеуметтік желідегі ең көп талқыланған (77%) тақырыптың бірі болған. Сатып алушылардың атап өтуінше, олар әрбір саяхатқа әмиянын алып жүрмей, мобильді төлем түрін таңдағысы келеді. • Сыйақы алу мүмкіндігі. Шопинг пен бөлшек сауда саласындағы сыйақы мен артықшылыққа ие болу мүмкіндігі де әлеуметтік медиадағы көп талқыланған (38%) тақырыптардың біріне айналды. • Төлем қабылдау әдістерінің алуантүрлілігі. Сатып алушылар өз пікірлерінде ритейлердің қайсысы жаңа төлем түрлерін пайдаланатындығын немесе пайдаланбайтындығын атап өтеді. Олар ритейлердің жаңа төлем түрлерін іске қосқанын қалайды. Бұл тенденция, әсіресе, сән әлемінде көп байқалады. Сондай-ақ, Twitter бөлшек сауда мен шопинг туралы белсенді талқылаулар жүргізілетін ең танымал әлеуметтік платформа деп танылды. "Жаңа инновацияның пайда болуына қатысты әлеуметтік медиада орын алатын белсенділік сатып алушылардың қызығушылығы мен сұранысын айқындайды. Сондай-ақ төлем жасау сатып алу процесінің ең маңызды элементтерінің бірі екендігін көрсетеді", - дейді MasterCard-тың халықаралық нарық бойынша атқарушы директоры Карлос Менендез.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024