Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 14 қыркүйектен 21 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
2018 жылғы 21 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 5,6%-ға нығайып (373,65-тен), 352,54 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 14 қыркүйектен 21 қыркүйек аралығында маңызды оқиғалар қытай тауарларына қосымша баждар енгізу туралы мәлімдеме, Қытайдың қарсы баждары және жоспарланған сауда-саттық келіссөздерді болдырмау, сондай-ақ Вашингтонда өткен кезекті келіссөздерден кейін Канада мен АҚШ арасында сауда-саттық қатынастары мәселелері бойынша уағдаластықтың жоқтығы, АҚШ-тағы бөлшек сатудың және өнеркәсіптік өндірістің өсуі бойынша экономикалық деректерді жария ету болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Түрік лирасы екі апта ішінде нығайғаннан кейін валютаны түзету аясында 1,9%-ға (6,17-ден 6,29-ға дейін) әлсіреді.
- Үндістан рупиясы мұнай құнының өсуі аясында 0,5%-ға (71,86-дан 72,20-ға дейін ) әлсіреді. Үндістан мұнайды нетто импорттаушы болып табылады. Үндістанның ОБ АҚШ долларын жергілікті валюта нарығында емес, тікелей мұнай ритейлеріне сату мүмкіндігін қарастырады;
- Индонезия рупиясы бір апта ішінде айтарлықтай өзгеріссіз бір АҚШ доллары үшін 14807-14817 рупий деңгейінде саудаланды. Индонезияның Сауда министрі Энггартиасто Лукита ағымдағы шоттың тапшылығын тежеуге бағытталған жаңа қағидалардың аясында шикізаты экспорттаушылар өз кірістерінің жартысын елде ұстап қалуға және жергілікті валютаға конвертациялауға мәжбүр екендігін мәлімдеді;
- Мексика песосы 0,3% -ға (18,89-дан 18,83-ке дейін) нығайды;
- Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және дамушы елдердің валюта нарығында оң конъюнктураның аясында 2,5%-ға (68,16-дан 66,46-ға дейін) нығайды;
- Бразилия реалы 2,9%-ға (4,17-ден 4,05-ке дейін) нығайды. Бразилияның Президентіне кандидат Жаир Болсонару соңғы қоғамдық сауалнаманың нәтижелері бойынша көш бастады. Инвесторлардың көпшілігі оның кандидатурасына қалған қатысушылармен салыстырғанда басымдық беріп отыр;
- Оңтүстік Африка рэнді 4,1%-ға (14,93-тен 14,32-ге дейін) нығайды. ОБ экономиканың өсуінің баялауы аясында негізгі мөлшерлемені 6,5%-дық деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024