Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза болғандардың толық тізімін жариялады

Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза болғандардың толық тізімін жариялады

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім еткендей, қаңтар оқиғасы кезінде 238 азамат қаза тапқан.

"Қаңтар оқиғасында 238 азамат қаза тапты. Олардың арасында қылмыскерлер де бар, жазықсыз жапа шеккендер де бар. Әр фактіні егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз. Бүгінгі таңда өлімнің мән-жайы анықталып, 176 адамға қатысты тергеу жалғасуда. Олардың ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында құқық қорғау органдарының 19 қызметкері қаза тапты. Бұл қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік нысандарды қорғау міндетін атқару кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапты», – деді Қиқымжанов.

Похожие материалы