Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Бас прокуратура президент тапсырмасына сәйкес белгілі журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ведомство мәліметінше, Козачков 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы М.В.Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі) айналысты деп күдіктенуде.
Осыған байланысты журналистің тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясының негізінде күдіктінің жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейне жазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген.
«Туындаған резонансты ескере отырып, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында. Бұл ретте Михаил Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақтылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылатын болады», – делінген хабарламада.
Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланатын болады.
Еске салайық, 18 желтоқсанда «Время» газетінің тілшісі және Kozachkov offside телеграм арнасының авторы Михаил Козачков ұсталды. Оған Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік жолмен бизнесті тартып алуға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.
Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай пікір білдіріп, бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024