ҚР Бас прокуратурасының ведмствоаралық жедел тергеу тобы «АлмаТВ» компаниясының бас директоры Жомарт Ертаевты тұтқындамақ болған. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алайда, Ертаев жұмыс орнында болмаған. Кейін белгілі болғандай ол күзетшілердің ескертуінен кейін қосымша есік арқылы сытылып кетіпті. ҚазТАГ-тың хабарлауынша Ертаевты ұстауға бұрынғы Альянс банкке қатысты қылмыстық іс себеп болуы мүмкін. 2013 жылы Альянс банк Ертаевқа қайтарымсыз несие берілгені үшін банктің бұрынғы топ менеджерлерінің үстінен Қаржы полициясына арыз түсірген еді. 2014 жылы Жомарт Ертаев Альянс банкке $2 млн несиесін қайтарған болатын. 43 жастағы Ертаев 2002-2007 жылдары «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасы болған еді. Алайда Ертаевтың өзі оны тұтқындауға қатысты ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Ол басқаратын "Алма ТВ" тарапынан да ресми ақпарат тарамады. Кейбір БАҚ-ның хабарлауынша Ертаев қазіргі кезде шетелде жүрген көрінеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024