Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер, орта есеппен алғанда, бір жұмыс күнінде 30 несиені мақұлдаған. Ал ақшалай шаққанда, клиенттерге күніне 369 млн теңге берілген, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
2018 жылдың нәтижесі бойынша «7-20-25» арқылы мақұлданған несие сомасы 45 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде (қазіргі көлем 44,2 млрд теңге). Желтоқсан айында бағдарламаға Сбербанк қосылды. Осылайша, жыл соңында «7-20-25» аясында жұмыс істейтін банктер саны сегізге жетті. Олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Халық Банк, Цеснабанк, Forte Bank, Еуразиялық Банк, Bank RBK және Сбербанк.
Кредиттің банк тарапынан мақұлдану көрсеткіші жағынан Астана алғашқы орында (18 млрд теңгеге 1224 өтінім), ең азы – Түркістан облысы (0 өтінім).
«Сонымен бірге биылғы жылдың аяғына дейін қолданыста болған үйлер бойынша кемінде 2 млрд теңге ипотека беру жоспарланып отыр.
«Баспана Хит» бағдарламасына қатысуда Астана және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ерекше белсенді. Елордада 73 тұрғынға 950 млн теңге сомасында келісім берілді. Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 106 млн теңгеге 19 кредит мақұлданды. Тұтас алғанда, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңгеге 192 өтінім мақұлданды», – делінген «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасының барлық 8 серіктес банкі «Баспана Хит» бойынша да жұмыс істейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024