«Басқа елдерді ренжіткім келмейді. Тек Қазақстанда бәрі керемет екенін айтамын»: Михаил Ломтадзе Қазақстандағы инновациялар туралы айтты
2022 жылдың 26 қазанында 3-ші халықаралық «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia» ПЛАС-форумына 28-ден астам елден қонақ қатысты. Алғашқы күннің ең қызықты сәттерінің бірі Михаил Ломтадзенің сөз сөйлеуі болды.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі сөзін Қазақстанда инновациялардың немесе цифрлық қызметтердің ену деңгейі форумға қатысушылар келген 28 елмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айтудан бастады. Дәлел ретінде ол Kaspi.kz -тегі қазақстандықтар мен шетелдіктердің пікірін келтірді.
«Мен басқа елдерді ренжіткім келмейді», - деп түсіндірді Михаил Ломтадзе - Бірақ мен Қазақстанда бәрі керемет екенін және біз оны мақтан тұтатынымызды айтқым келеді».
Kaspi.kz басшысының айтуынша, Қазақстан орасан зор серпіліс жасап, керемет нәтижелер көрсетті. Соңғы үш жылда елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 5 еседен астам, электронды коммерция 3 еседен астам өсті, Kaspi.kz суреркосымшасы арқылы 8,5 миллион адам мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz қызметін 400 мыңнан астам компания пайдаланады. Kaspi.kz – елдегі инновацияның локомотиві және алға сүйреуші. Компания үнемі инвестиция құйып, ең заманауи технологияларды жасайды және олар қазақстандық компанияларға, негізінен шағын және орта бизнеске қолжетімді. Технологиялық платформаларға қосылу арқылы компаниялар сату көлемін арттырады, бизнесін дамытады және қосымша жұмыс орындарын ашады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024