БҚО. 5 қаңтар. 7kun.kz - Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында Батыс Қазақстан облысында 257,9 млрд теңгенің 40 жобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Индустриализациялау картасының аясында облыс бойынша 327,2 млрд теңгеге 2264 тұрақты жұмыс орындары ашылып, 40 жоба жүзеге асырылды. Бірінші бесжылдықта 257,9 млрд теңге қаржыға 40 инвестициялық жобаның 32-сі жүзеге асырылып, 1890 жұмыс орны ашылды», - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 22 жобаның 70%-ы жоба қуаттылығына ие, 5 жоба - 50%-дан жоғары, қалған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауы кезінде шикізат ресурстарына тәуелсіз экономиканы дамытудың дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерін айтты. Осы мүмкіндіктердің бірі – индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы. «Екінші бесжылдықта 374 жұмыс орнын ашып, сомасы 69,3 млрд теңгені құрайтын 8 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда", - деді Н.Ноғаев.
Фото:kapital.kz