"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасын жүзеге асырғаннан кейінгі экономикалық тиімділіктің жалпы сомасы 33,9 млрд доллар құрады. Қазақстан арқылы Қытайға баратын жүк ағыны 2,5 есе көбейеді. Бұл туралы Қазақстандық зерттеулер институтындағы экономикалық зерттеулер бөлімінің аға қызметкері Евгений Хон мәімдеді.
Оның сөзінше, 2017 жылы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінің жұмысы аяқталғаннан кейін "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізі пайдалануға беріледі. Дәл қазіргі уақытта ірі транспортты-логистикалық жобалар іске асырылған. Жекелей алғанда "Жетіген-Қорғас", "Үзен-Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы" тәрізді теміржол желілері салынған. "2015 жылы "Жезқазған-Бейнеу", "Арқалық-Шұбаркөл" желілері пайдалануға берілді. "Жезқазған-Бейнеу" желісі батыстан шығысқа дейінгі жолды 1138 шақырымға дейін, ал жүк тасу уақытын 4 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал "Арқалық-Шұбаркөл" маршруты арөылы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанға дейінгі жолды 550-700 шақырымға дейін, транспортты шығындарды 35%-ға дейін азайтуға болады", - деп атап өтті ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024