Батыс компаниялары Украинадағы энергоактивтерді жекешелендіруге қызығып отыр
Chevron, Shell, ExxonMobil, Еni және RWE украиналық энергоактивтерді жекешелендіру бойынша мәселелеріне қызығушылық танытып жатыр және оған қатыса алады деп хабарлайды Украинаның көмір өндірісі және энергетика министрі Владимир Демчишин.
"Олар украиналық активтерді жекешелендіру мүмкіндігін пайдаланғысы келеді. Әсіресе, электроэнергияны, аймақтық энергияны, облыстық газды, "Центрэнергоны" дистрибуциялау қызықтырады", -деп мәлімдеді энергетика министрі Украинаны қолдау үшін өткен халықаралық конференция кезінде.
Сондай-ақ, "Энергоатом", "Укргидроэнерго" және газ транспорты жүйесі сияқты активтерді жекешелендіру аса қызығушылық тудырып отыр. Бірақ В.Демчишиннің атап өтуінше, бұл обьектілерді жекешелендіру қарастырылмайды. Өз кезегінде Украина президенті Петр Порошенконың атап өтуінше, ел билігі осыған дейінгі жекешелендірудің қорытындысын қайта талқыға салмайды.
"Біз қазір кең көлемдегі жекешелендіруге баруы тиіс мемлекеттік кәсіпорындардың тізімін қарап жатырмыз, бірақ алдыңғы жекешелендірудің нәтижелерін қайта қарамақ ниетте емеспіз. Қоғамның сұранысына қарамастан, бұл қадамға бармаймыз. Бірақ азғана кәсіпкерлер тобының монополиясын бұзуымыз қажет", - деп атап өтті ол.
Премьер-министр Арсений Яценюктің атап өтуінше, Украина батыс елдері тарапынан кең көлемдегі қолдауға лайық. "Ешнәрсемен салыстырғым келмейді, бірақ Грекия 300 млрд доллар қаржы алды. (...) ХВҚ мен G7-нің жалпы қолдауы аясында Украинаға 30 млрд доллар берілді", - деп мәлімдеді ол.
Украинаны қолдауға арналған халықаралық конференция 28 сәуірде Киевте өтті. Шараға П.Порошенко, А.Яценюк,үкіметтің экономикалық блок министрлері, Еурокомиссия, Халықаралық қаржылай корпорациялар, БҰҰ, еуропа елдері мен Жапония және Канаданың, ЭСДҰ-ның өкілдері қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024