Бауыржан Байбек: Алматыда жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға қолдау көрсету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша қалалық жоспарды таныстырды.
Мегаполис басшысының айтуынша ол үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір қазақстандық отбасы реформа нәтижесін болашақта емес, дәл қазір сезінулері тиіс. Аз қамтылған азаматтардың табысын көтеру, баспанаға, сапалы білім мен денсаулыққа қолжеткізулері және өңірлерді дамыту үшін Президент қосымша 2 трлн. теңге бөлуді тапсырды. Президент алға қойған әлеуметтік мәселелерді сапалы орындау үшін Алматыда нақтылы шаралар жоспары, оның ішінде «Бақытты отбасы» қалалық әлеуметтік бағдарламасы жасалды. Бұл – жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы, оқушылар мен студеттердің стипендиясы, әлеуметтік және бірреттік төлемдер, жұмыспен қамту және басқалары. Жалпы, халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету үшін 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді», - деді Бауыржан Байбек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024