Алматы қаласының экономикалық өсімі 3%-ды құрады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек "Алматы қаласының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі" атты есептік кездесу кезінде мәлімдеді.
Әкімнің сөзінше, қаладағы орта және шағын бизнес обьектілерінің саны 185,2 мыңнан асқан. Шағын бизнеске арналған кредит көлемі 712 млрд теңгені (+25,6%) құрады. ШОБ арқылы жұмыспен қамтылған адам саны - 584,6 мың. Аймақтық үйлестіру кеңесімен бірге 32 млрд теңгенің 142 жобасы мақұлданды.
Сондай-ақ, Б.Байбек үш базардың жаңаланып, 9 базардың қайта жөндеу жұмыстары басталғанын және екі ірі сауда орталығы ашылғанын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024