«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті XVI-шы Съез шақыру туралы Қаулыға қол қоюына орай өңірлермен өткен селекторлық кеңес барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді.
Оның айтуынша, партияға әр нұротандықтың, әр ұяшықтың пікірі маңызды. Бұған бірлесіп талқылаудың нәтижесінде дүниеге келген жобалар – Партияның саяси Доктринасы мен 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы дәлел.
«Былтығы жылы тұңғыш рет жасалған партияның қаржылық Есебі де, шын мәнінде, осы партияластар алдындағы да есеп болатын», - деп атап өтті саясаткер.
Аздаған шегініс жасасақ, Б.Байбек былтырғы жылы «Айқын» және «Литер» газеттерінде партияның кірістері мен шығыстары жөніндегі Есебін жариялай отырып, «Қоғам алдында есеп беру партияның саяси тұрғыда кемелдене түскенін білдіреді. Осы әрекет арқылы партия өзінің саяси Доктринасында белгіленген құндылықтардың негізінде ашықтық, есептілік, тиімділік және жауапкершілік ұстанымдарын жүзеге асырады», - деген болатын.
Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы партия жұмысының бастауыш партия ұйымдары қызметінің тиімділігін бұдан әрі арттыруға бағытталатынын да айтты. Яғни, 2015 жыл бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында өтеді.
Айта кетейік, а.ж. 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі өтеді. Таңертеңгілік партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осындай Қаулыға қол қойды. Тиісінше, айтулы шараға өңірлердегі БПҰ-нан 1200-ден астам делегат қатысады деп күтілуде. Қазіргі кезде бүкіл ел аумағындағы бастауыш партия ұйымдарында делегаттар ұсыну үдерісі басталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024