Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев экс-премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мойындады деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі мұны қысымға шыдамай жасадым деп отыр. Сондықтан ол судьядан тергеу кезінде берген жауаптарының күшін жоюды сұрап отыр. Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, тергеушілер оны шақырып алып, экс-премьер Серік Ахметовке қарсы бірнеше эпизод бойынша жала жабуды талап еткен. Әйтпесе, өзіңнің жағдайың мүшкіл болады депті. Серік Ахметов те өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі мүлдем тоқтатуды сұрап отыр. Өйткені, тағылған айыптарда қылмыс құрамы жоқ деп есептейді. Бұған қоса, экс-премьер мемлекетке келтірілген шығын көлемін 1 миллиард теңгеден азайтуды өтінді. Осы қыруар қаржының тең жартысын, яғни 430 миллион теңгені экс-премьердің ағасы - "Сталь-Цинк" компаниясының басшысы Берік Ахметов бюджетке қайтарып берген болатын. Сондықтан адвокаттар осы жеке мекемеге қатысты істі доғаруды талап етті. Айта кетелік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәніндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар), аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптаулар бар. Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу шарасы қолданылды. Сонымен қатар, Серік Ахметовтің ағасы келтірілген шығынның өтемі ретінде мемлекетке 430 миллион теңгені (2,29 миллион доллар) қатарғаны мәлім. Алайда Ахметовтің өзі де, іс бойынша куәгер болған ағасы да мемлекетке шығын келгенін мойындамады. Ахметовтің мемлекетке келтірген шығынының жалпы сомасы, тергеу тұжырымы бойынша, 1,2 млрд теңгеге (6,4 миллион доллар) тең.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024