"Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасы - еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Тәттінің 200-ге жуық түрлерін шығаратын фабриканың тарихымен таныс болғыңыздар.
Ашылуы
Жылына жобалық қуаты бойынша 24560 тонна кондитерлік өнім шығаратын Қостанай кондитерлік фабрикасы (қазіргі «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамы) 1974 жылдың желтоқсанында өз жұмысын бастады. Фабриканың алғашқы директоры - Танашев Нығмет Бұқпанұлы.
Енді ашылып жақан кәсіпорынның жұмыстарын ұйымдастырып, ретке келтіру үшін келген Нығмет Бұқпанұлының алдында үлкен міндет тұрды.
Бірінші кезекте біліктілігі жоғары мамандарды даярлап, олардың институтта, техникумда, ҚКТУ-де білім алуларын қамтамасыз етіп, сондай-ақ, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларының кондитерлік фабрикаларына мамандықтары бойынша үш айдан алты ай мерзімге дейін тағылымдамадан өтуге жіберу қажет болатын.
Осы жұмыстарды абыроймен алып жүргенінің арқасында жылына 2260 тонна салындысы бар карамельді өндіру бойынша І және ІІ толассыз-механикалық алғашқы желі іске қосылады.
Cол істің нәтижелерін алғашқы кәмпиттерден білуге болады. Олардың ішінде "Жеміс-жидек гүл шоғыры", "Студенттік", "Күн сәулесі" атты орамасы бар карамельдері мен орамасы жоқ "Рион" және "Какао ұнтағы қосылған атақты кәмпит" бар.
Хронология
1975 жылдың наурызында бисквит цехы іске қосылады.
1975 жылдың шілдесінде какаоны жасап шығару жабдығы іске қосылып, жылтыратылған және жылтыратылмаған кәмпиттер, шоколад құрамасын өндіретін кәмпит пен шоколад цехы өз жұмысын бастайды.
1977 жылы Н.Танашев өнімдердің жаңа түрлерін шығару жөнінде кеңес өткізеді.
1975–1980 жж. – карамель, мармелад, вафли, драже және иристің жоғары сұрыптарын жасап шығару бойынша өндірістік қуаты іске қосылады.
1981 жылдың тамызында Қостанай кондитерлік фабрикасының директоры болып Киселев Анатолий Прокофьевич тағайындалады. Қызмет баспалдағы бойынша ол бисквит цехының механигі мамандығынан бастап, кәсіпорын директоры қызметі дәрежесіне дейін көтеріледі. Үш ауысым режимінде жұмыс істеген кәсіпорын жылына 30 мың тонна өнім шығаратын. Бұл кезде ұстаздық, кәсіби шеберлікті жетілдіруге аса көңіл бөлінеді.
Байқаулар бір топ қызметкерлер, цехтар арасында ғана жүргізілген жоқ, сондай-ақ, кондитерлік фабрикалар да бір-бірімен бақ сынасты. 1980 жылы Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай фабрикаларының қызметкерлері арасында байқау ұйымдастырылды.
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, тазалық сақтау, өнім сапасы сынды жарыстың нәтижесінде тоқсан сайын Қызыл туды жеңімпаз атанған цехқа берілді. Бәсекелестік рухы жұмыста, спортта және көркем өнерде де болды. Барлық жерде «КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол» (ГТО) нормаларын тапсыру жүргізілді.
1984 жылы тың жерлерді игерудің 30 жылдығына орай көркем өнерпаздар байқауы өтті. Әлеуметтік міндеттерді белсенді атқарып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқандары үшін кондитерлік фабриканың қызметкерлері ақшалай сыйлықтарға, Құрмет грамоталарына, Кеңес Одағы бойынша демалыс орындарына жолдамаларға ие боды.
1993 жылдың қыркүйегінде – Қостанай кондитерлік фабрикасының атауы «Баян Сұлу» Ашық акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
1995 жылдың сәуірінде «Баян Сұлу» ААҚ президенті болып инженер-механик Богер Евгений Александрович тағайындалады.
1996 жылы барлық қызметтерді компьютерлік техникамен жабдықтауда өндірісті басқарудың жергілікті жүйесі енгізілген.
1996–1997 жж. "ЕDALE E250S" және "EDALE E510i" (Ұлыбритания) буып-түйілген өнімді жасап шығару үшін жаңа заманауи жабдықтары сатып алынды. Энергетикалық дағдарыс жағдайында үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында дизельэлектрогенератор алынды.
1998–1999 жж. карамельді жасап шығару жабдығы мен орау машиналары (Италия өндірісі) іске қосылды.
2000 жылы – жалпы өнімділігі сағатына 16,5 тонна бу шығаратын қазан өндіріске қосылды.
2002 жылы – электрмен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,8 км (10 кВ әуе желісі) әуе жолын құрастыру жүзеге асырылды.
2003 жылы салындысы бар және салындысы жоқ шоколадтарды жасап шығару жөніндегі желілері пайдалануға енгізілді.
Компания бүгінде
[caption id="attachment_15072" align="alignright" width="300"] Виталий Трайбер[/caption]Кондитерлік өнімдерді жасап шығару Қазақстанның ішкі нарығына бағытталған. Өнімді өткізу еліміздің бүкіл аймақтарында көтерме сауда арқылы жүзеге асырылады.
900 адам жұмыспен қамтылған. Өнім түрлері 200 атауға дейін өскен. Компания отандық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы.
2004 жылдың наурызынан бері «Баян Сұлу» ААҚ президенті болып Трайбер Виталий Андреевич тағайындалады.
Шығаратын өнімдері
"Баян Сұлудың" бюджеті
«Баян Сұлу» кондитерлік компаниясының таза пайдасы 2015 жылдың І тоқсанында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеті есеге — 182,4 млн теңгеден 26 млн теңгеге дейін төмендеген.
Салық салынғанға дейінгі компания пайдасы 4,7 есе төмендеді: өткен жылдық қаңтар наурызында — 182,5 млн теңге, осы жылдың қаңтар-наурызында — 38,6 млн теңге. Есептік кезеңде операциялық табыс шамамен екі есе төмендеп, 93,6 млн теңге болды.
Сонымен қатар, «Баян сұлу» түсімі 5,4%-ға — 2014 жылдың І тоқсанындағы 3,414 млрд теңгеден 2015 жылдың І тоқсанындағы 18,671 млрд теңгеге дейін төмендеді. Кәсіпорын активтері де азайды, 2015 жылдың басында 19,356 млрд теңге болса, 31 наурыздағы жағдай бойынша — 18,671 млрд теңге. Жыл басынан төмендеу 3,7%-ды қамтыды.
Компанияның меншікті капиталы қаңтар-наурыз аралығында 13,408 млрд теңгеден 13,434 млрд теңгеге дейін артты. Сондай-ақ «Баян Сұлу» міндеттемелері алғашқы үш ай ішінде 12%-ға — 5,948 млрд теңгеден 5,237 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Компанияның акционерлері
«Баян Сұлу» акционерлері — KazFoodProducts өндіріс компаниясы(83,97%) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (8,51%).
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024