Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Beeline мен Альфа-Банк Mastercard базасында банк картасының теңгерімі мен мобильді телефон шотын біріктіретін, Қазақтандағы бірінші ко-брендті төлем картасын шығарды.
Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров бұл Beeline-ның Альфа-Банкпен бірге шығарған екінші және Mastercard-пен бірінші өнімі екенін атап өтті.
«Мақсатымыз – клиенттерге қарапайым, әрі ыңғайлы шешім ұсыну. Бұл ретте олардың қажеттіліктерін ескереміз. Beeline-мен бірге шығарған бірінші төлем картасының табысы соның дәлелі. Шұғыл ынтымақтастығымыздың нәтижесінде екінші кобрендті карта дүниеге келді, мұның да бірінші карта тәрізді тез танылатынына сенімдіміз», - деп «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ның Жеке бизнесті басқарушы директоры Иван Истомин ой бөлісті.
Mastercard Beeline Картасы заттарды тиімді сатып алуға, ақша аударуға, сондай-ақ еліміздің кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша алуға мүмкіндік береді. Карта Mastercard-тың жанаспай төлеу технологиясымен жабдықталған. Бұл ретте, Mastercard картасымен зат сатып алғанда, клиенттер көптеген арнайы ұсыныстарға қол жеткізеді, олар:
- Картаны тегін шығару және жыл бойы тегін қызмет көрсету;
- 5% кепілді кэшбек;
- Burger King-тен сыйлыққа сусын/балмұздақ алу;
- Starbucks кофеханалар жүйесінде екінші кофені сыйға алу;
- Chaplin Cinemas кинотеатрларында 30%-ға дейін жеңілдік беріледі;
- Shymbulak Ski Resort-та 5% жеңілдік бар;
- Etam дүкендерінде 10%-ға дейін жеңілдік алуға болады;
- SPRINGFIELD дүкендерінде 10%-ға дейін жеңілдікке қол жеткізу;
- TERRANOVA дүкендерінде 5% жеңілдік;
- Alser желісінде 5% жеңілдік;
- AliExpress-те зат сатып алғанда 7%-ға дейін көбейтілген кэшбек;
- travel.beeline.kz-те билет сатып алғанда 5% кэшбек және қонақ үйді брондағанда 5.5% кэшбек бар;
- Сыйақы - 6% қалдыққа;
- Қаражатты тегін салу;
- Жасалған операциялар туралы тегін SMS-ақпарат беру;
- Динамикалық 3D Secure кодпен қауіпсіз интернет-сауда.
«Дүние жүзіндегідей, Mastercard Қазақстанда да төлем жүйесінің озық шешімдерін енгізуге ықпал етеді және нақты ақшасыз цифрлы экономиканы дамытады. Қазақстан нарығында жаңа, қызықты әрі ыңғайлы өнім пайда болғаны үшін қуаныштымыз және осы карта клиенттеріміздің мүмкіндігін молайтып, күнделікті өмірін қарапайым, әрі жайлы ететініне сенімдіміз», - деп Қазақстандағы Mastercard өкілдігінің төрағасы Геният Исин пікір білдірді.