Астана. 9 қараша. 7kun.kz - Beeline, Youtube және Genesis-пен бірге, Youtube-тің Қазақстандағы ресми серіктесі, бейнероликтер байқауы басталғанын жариялайды. Жоба атауы - «ВидеоБәйге». Байқаудың жалпы жүлде қоры - 5 миллион теңге, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
Видеоблогерлердің өтініші 27 қарашаға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 9 желтоқсанда Алматыда өтетін фестивальда жарияланады. Жоба мақсаты – Қазақстандық интернет-қауымдастықты нығайту және елімізде сапалы, әрі қызықты бейнеконтентті тудыру.
«ВидеоБәйге» 4 санаттағы номинациялардан тұрады, олар: «Жас видеоблогерлер», «2017 жылғы үздік Youtube жоба», «Youtube-тегі үздік телеарна» және Beeline-ның арнайы номинациясы.
«ВидеоБәйге» жобасы 3 кезеңге бөлінеді:
9 қараша - 26 қараша – жаңа бастаған видеоблогерлердің өтінішін қабылдау (Youtube-тегі арналарына 50 мыңға дейін адам жазылған)
27 қараша - 4 желтоқсан – номинацияның 4 блогы бойынша қолданушылардың дауыс беруі («Жас видеоблогерлер», «2017 жылғы үздік Youtube жоба», «Youtube-тегі үздік телеарна» және Beeline-ның арнайы номинациясы)
9 желтоқсан - «ВидеоБәйге» фестивалі және үздік жобаларды марапаттау рәсімі.
“Жас видеоблогерлер” санатындағы номинациялар саны - 10:
•Лайфстайл
•Beauty-блог
•Gaming/Летсплей
•Балаларға арналған видеоблог
•Скетчком (комедиялық-көңіл көтерер блог)
•Автоблог
•Аспаздық блог
•Музыкалық блог
•Үздік шолушы (кино, техника, жаңалықтар және т.с.с.)
•Басқасы
Байқауға автор өзі жасаған және 2017 жылғы 7 қарашадан бастап Youtube-те жарияланған роликтер қатысады. «ВидеоБәйге» байқауына қатысудың шарттарымен videobaiga.kz сайтында танысуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024