Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Beeline Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үйден қашықтықтан оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін интернет сыйлады. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның жаңа қайырымдылық бастамасы екі қалада басталды, олар – Атырау мен Қызылорда. Осы аймақтардағы Білім басқармасының деректеріне қарағанда, ауыр диагноздарының себебінен, шамамен 2000 мүмкіндігі шектеулі бала жалпы білім беру мектебінде және арнайы мектептерде білім ала алмайды. Сол себепті олар үй жағдайында қашықтықтан оқиды. Ұсынылған тізім бойынша Beeline Қазақстан осы қалаларда 146 баланы интернетке қосты. Науқанға қатысушылар мүгедектерге арналған жеңілдігі бар «Арнайы» тарифтік жоспары бойынша («Үйдегі Интернет» қызметінің шеңберінде) және 3G технологиясы бойынша қызметке қол жеткізді. «Beeline «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы бойынша, есту қабілеті нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернатты тегін интернетке қосты. Сол кезде, әкімшіліктің атынан біз, компанияның мектептерге келе алмайтын балаларға назар аударуын өтіндік. Тек біздің қаламызда 364-астам оқушы үйден оқуға мәжбүр. Оқу қажеттілігіне арналған интернет қосылды, қол ұшын созғаны үшін Beeline компаниясына алғысымызды білдіреміз», - деп Қызылорда облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова өз алғысын жеткізді. «Шексіз мүмкіндіктер» қайырымдылық бастамасының аясында, Қазақстанның 13 қаласындағы әлеуметтік мәртебесі бар 18 мекеме жылдамдығы жоғары тегін интернетті қолданып жатыр. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік бастамасының көшбасшысы болып табылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024