2016 жылы 1-тоқсанда Beeline Қазақстанның табысы 28 723 млн теңгені құрады. Бұл туралы оператордың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметтерді жолдау сегментінің түсімі, өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өсті. EBITDA көрсеткіші 11 119 млн теңгеге тең, EBITDA маржиналдылығы 38,7%-ды құрады. Клиенттер саны 9 179 мыңға жетті.
Интернетті орташа тұтыну 144%-ға жоғарылап, 1’011 мегабайтты құрады. Қызметтер құны әдеттегідей төмендеуде. Есепті кезеңде, компания клиентінің орташа шоты 10%-ға төмендеп, 806 теңгені құрады, бұл көрсеткіш былтыр 899 теңгеге тең болатын.
2016 жылы бірінші тоқсанда Beeline Қазақстан өз желісіндегі интернет-трафиктің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 127%-ға артып, оның көлемі 15 млн. Гб-ты құрады. Осы қызметтен түскен пайда, былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ға жоғарылады. Компания EBITDA бойынша нарықтағы үлесін 3,9 п.п-ке көтерді.
Сымды интернет бизнесінің табысы, түсімі және абоненттер саны өсті. Компания 4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізуде, 2015 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда капиталдық инвестиция 210%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024