Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бас директоры тағайындалды

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бас директоры тағайындалды

Естай Серік «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры компаниясының бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол "ҚазТрансГаз"(ҚТГ) компаниясының бас директорының орынбасары қызметін атқарған болатын, деп жазды LS . 

2016 жылғы 28 наурызда «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ның ұжымына жаңа Бас директорды (Басқарма төрағасын) таныстырды. «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС – Қазақстан мен Қытайдың  тең қатысу үлесімен Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырын салу үшін құрылған компания. «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ын бұрын Қытай тарапының өкілі басқарған болатын. 2016 жылғы 28 наурызда Бас директор (Басқарма төрағасы) болып Қазақстан тарапының өкілі – бұрын «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған Естай Серік тағайындалды. Қытай тарапының өкілі, Ван Лицзюнь, Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі болды. Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі болып Санжар Болатбекұлы Шабдыкәрімов тағайындалды. Бас директор (Басқарма төрағасы) Лю Джихуаның, Бас директордың бірінші орынбасары Олжас Тілеуғалиұлы Түсіпбековтің, Бас директордың орынбасары – бас бухгалтер Нұрлан Заманбекұлы Аханзариповтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.  

Похожие материалы