Bek Air әуе компаниясына тиесілі "Фоккер-100" әуе кемесі кестеге сәйкес ұшуды жалғастыра береді. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Азаматтық авиация комитет ішассиді жинау және шығару жүйесін бір реттік техникалық тексеруді ұйымдастыру жөнінде телеграмма жіберді. Біз оны орындадық. Ұшақтар қалыпты ұшуда, ешқандай мәселе жоқ. Техникалық тексеруден өтіп, кешеден бері ұшуын жалғастыруда. Әрине, ААК жағдайға қатысты жауап беру керек. Бірақ әуе кемесінің ұшуына ешкім тыйым салмайды", - деді әуе компаниясының басқарма басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов.
Айта кетейік, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 27 наурыз күні апатты жағдайда қонған «Фоккер-100» әуе кемесін алдағы уақытта техникалық актісіз пайдалануға тыйым салған еді.