Қазіргі кезде алты құрлық бірдей қолданатын бензинге кететін шығынды қалай үнемдеуге болады? 7kun.kz сайты сіздерге ең тиімді деген жеті жолын ұсынады.
- Алдымен ең қарапайым жолынан бастасақ. Егер сіз бензинді тұрақты бір компаниядан, немесе бір жанармай бекетінен сатып алып жүрсеңіз онда сізге: сол мұнай компаниясының тұрақты клиенті ретінде арнайы карта аштырып алу керек. Сізге сол кезде арнайы жеңілдіктер болады. Қазіргі уақытта көптеген компаниялар карта ашып, жеңілдіктер қарастырып, осындай жолмен өз тұтынушыларын тұрақты көбейтуге тырысады.
- Екінші жолы бұдан да тиімдірек. Сіз бір емес, бірнеше компанияның немесе әр түрлі нүктеден бензин құятын болсаңыз ше? Онда сізге кез келген компанияға жарамды және белгілі мөлшерде кеткен қаражатыңыздың пайызын қайтаруға мүмкіндік беретін «кэшбэк» карталарын қолдануға болады. Компаниялардың келісімшарт және арнайы жеңілдіктеріне қарай азды-көпті қаражатыңызды үнемдей аласыз.
- Сондай-ақ, отындық компанияларда тікелей емес, бірақ жанама жұмыс істейтін банктерде немесе ұйымдарда акциялар болады. Мысалы, несие немесе банк карточкасын жасау кезінде бензинге жеңілдік беретін акциялар да жасалуы мүмкін, сіздің жұмыс істейтін жеріңізде дәл осындай мүмкіндіктер болса, мейлінше пайдаланыңыз. Сізге және әріптестеріңізге жанармай құюға арнайы талондар берілуі ғажап емес.
- Егер сізде кез келген коммуникатор (iPhone, iPad және т.б.) бар болса, ең арзан бағалармен сізге ең жақын жанармай станциялары туралы ақпарат беретін арнайы каталог-қосымшаларды жүктеп алыңыз.
- Айта кету керек, ірі магистральдарда орналасқан жанармай бекеттерінен негізгі жолдардан арзанырақ карталарды сатып алыңыз. Ал, жанармай сататын компаниялар кішігірім өз нүктелеріндегі жанармай бағасын арзандатуға мән береді. Сол үшін де арзан нүктелерден бензин құйдырғаныңыз абзал.
- Қала ішінде бір жерге барарда, өз жолыңыздың маршрутын есептеп алыңыз. Көлік кептелісі мен автотұрақты іздеумен өткен уақытты, кептелісте ұзақ тұрғандағы бензинге кететін шығынды есептеңіз. Автобус немесе трамвайға мініп, ең болмаса 100-200 метр жаяу жүргеніңіз қаражатқа және денсаулығызға пайдалы екені даусыз.
- Көліктің салмағы қаншалықты көп болса, соғұрлым ол бензинді көп тұтынады. Автокөлікке артық, қажет емес, тек өзіңізге керек болады-ау деген заттарды салып алыңыз. Атап айтқанда, бұл сыртқы магистральға қатысты. Мысалы, тау шаңғысы курортына баратын болсаңыз, неліктен көлік үстіндегі қайық қажет? Артық салмақ бензиннің бағасын 10-15 пайызға арттырады
Рүстем Пердебек "7"