Қазақстан Республикасының ұлттық-экономика министрлігі Қызылорда облысында бензин бағасын өсіргендерге тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы total.kz хабарлайды.
"Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің нарықтағы 11 субъектіге, яғни АИ-92/93 және АИ-95/96 бензин маркаларын бөлшектеп сататын жерлерге, монополияға қарсы заң ережелерін бұзғаны үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр",- деді хабарламада. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ақпаратынша, осы жылдың қазан айынан бастап 1 тонна мұнай өңдеудің құны Атырау мұнай өңдеу зауытында - 20 501,0 теңге, Павлодар мұнай-химия зауытында- 14 895,2 теңгені болды. Естеріңізге сала кетсек, бүгін жеке жанар-жағармай бекеттері Аи-95 маркалы бензинді литріне 141 теңгеге, Аи-92-ні литріне 130 теңгеге сатты. Кейбір жерлер дизель отынының бағасын да көтеріп жіберді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024