Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда туылған. Алматыдағы Ауыл шаруашылық институтын аяқтады, мамандығы - экономист. Экономикалық ғылымдардың докторы, профессор. 1969 - 1971 жылдары - Қызылорда облысындағы совхоз жұмысшысы. 1971- 1973 жылдары - әскердегі қызмет. 1977 жылы институтты бітірген соң Республикалық мемлекеттік еңбек жинағы кассасы басқармасы экономист қызметін атқарды. 1977-1988 жылдары - аға экономист, бас экономист, ҚазССР қаржы министрлігінің бөлім бастығының орынбасары. 1988-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы білім беру министрінің орынбасары. 1993 жылдан бастап Президент Аппаратындағы және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетіндегі бөлім бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары- Министрлер кабинтетіндегі басқарманың қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің орынбасары, кейінірек басшысы. 1995 жылы Қазақстан Респбуликасындағы Министрлер кабинетінің аппаратын басқарды. 1995-1999 жылдары - Қызылорда облысының әкімі. 1999-2002 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі. 2002-2006 жылдары - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, вице-министр. 2006-2007 жылдары - премьер-министр Кеңсесіндегі басқарма орынбасары. 2007 жылдың ақпаны мен тамызы аралығы - экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі. 2007 жылдың тамызынан бастап ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі атанды. 2009 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде болды. Кейінірек 2014 жылы премьер-министрдің орынбасы ретінде тағайындалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024