Миллиардер Билл Гейтстың өмірі "Кең болсаң, кем болмайсың" деген қазақ мақалының жарқын көрінісі бола алады. Әлемдік экономика тарихында Гейтс салық төлеу бойынша рекорд орнатушы: жеке тұлға ретінде ол $6 млрд астам cалық төлеген.
Бұған қоса Билл Гейтс түрлі әлеуметтік бағдарламаларға демеу ретінде $28 млрд бөліп, әлемнің ең жомарт адамы атанды. Билл және Мелинда Гейтстердің қайырымдылық қоры білім, денсаулық сақтау салаларын, таланттарды қолдауға үлкен қаржы жұмсайды. Мұндай демеушілік бағдарламалар АҚШ-тың өзге де қолы ашық миллиардерлерінде бар.
Қазақстанда да миллиардерлер мен миллионерлер жетерлік және Билл басшылыққа алған халық мақалына еріп, олар да түрлі демеушілік бағдарламаларға қатысуы әбден мүмкін. Отандық басылымдар осындай бизнесмендердің капитал көлемі туралы ақпараттың жанына олардың демеушілікке қанша ақша бөлгендігі, оның қайсысы қай бағдарламаға немесе құрылымға кеткендігі туралы мәлімет (сән үйлерін қаржыландыру, нақсүйерлерінің видеоклипін төлеп беру саналмайды) көрсетіп қойса, керемет болар еді.
Егер қазақстандық миллионерлердің демеушілігі шын мәнінде қайырымдылық мақсатқа арналса, американдықтар секілді біздің халық та бай-бағланға құрметпен қарап, оң ниетте болар еді.
"Кең болсаң, кем болмайсың" дейді қазақ мақалы. Ал оны американдықтар ұстанады...
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024