
Қазақстан. 24 сәуір. 7kun.kz – Ресей ЕАЭО елдеріне астық экспорттауына тыйым салғаннан кейін, Қазақстандағы бидай бағасы рекорд орнатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазір қазақстандық бидайдың тоннасы 160 мың теңге тұрады. Ал наурыздың басында баға 120 мың теңге болған еді.
Ресейлік бидайдың тоннасы шамамен 117 мың теңге болған. Енгізілген тыйымнан кейін қазақстандық өндірушілер бағаны алдымен 140 мың теңгеге, кейін 150 теңгеге дейін көтерді. Астық бағасының өсуі теңгенің құнсыздануымен де байланысты екені атап өтілді.
Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық бидай бағасының жоғары болуы оның сапасын ақтайды және ресейлікпен бидаймен салыстыруға келмейді. Украинада соғыстың кесірінен егін егу бұзылу жағдайында қазақстандық өндірушілердің астық жеткізу бойынша әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі бар.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025